• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
25 Маусым, 2015

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің бұйрығы №115

230 рет
көрсетілді

2015 жылғы 30 наурыз,  Астана қаласы «Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабымен белгіленген, ойын бизнесін ұйымдастырушының біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесі мен нысандарын бекіту туралы «Ойын бизнесі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 1-тармағы 4) тармақшасына сәйкес бұйырамын: 1. Мына: 1) осы бұйрыққа 1–қосымшаға сәйкес «Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабымен белгіленген ойын бизнесін ұйымдастырушының біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесі; 2) осы бұйрыққа 2, 3, 4–қосымшаларға сәйкес «Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабымен белгіленген ойын бизнесін ұйымдастырушының біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттардың нысандары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті (Е.Б. Қанағатов) заңнамамен белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жолдасын; 2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен соң он күнтізбелік күн ішінде, осы бұйрықтың мерзімді баспа басылымдарда және «Әділет» ақпараттық-құқықтықтың жүйесінде ресми жариялануын қамтамасыз етсін; 3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін; 4) осы тармақпен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді іс-шараларды орындағаннан кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің вице-министріне жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі А.МҰХАМЕДИҰЛЫ. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы № 30 наурыздағы №115 бұйрығына 1-қосымша «Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабымен белгіленген, ойын бизнесін ұйымдастырушының біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесі р/с № Біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар Ескертпе 1 2 3 Букмекерлік кеңсе үшін 1 осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген санитариялық-эпидемиологиялық және өртке қарсы нормаларға сәйкес келетін меншік құқығындағы немесе өзге заң негізінде ойын бизнесі саласында қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін ғимараттың (ғимарат, құрылым, құрылыс бөлігінің) болуы туралы мәліметтер «Жылжымайтын мүлік тіркелімі» мемлекеттік дерекқоры ақпараттық жүйесінен алынатын мәліметтер (жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтамалар түріндегі). 2 осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес меншік ойын жабдықтарының болуы туралы мәліметтер 3 осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес нысандағы күзет қызметін жүзеге асыруға лицензия алған тұлғалармен шарттың (шарттардың) болуы туралы мәліметтер мәліметтер «Е-лицензиялау» ақпараттық жүйесінен алынады 4 ойын мекемесінің жұмыс істеуінің, ставкаларды қабылдаудың және өткізілетін бәс тігудің мемлекеттік және орыс тілдеріндегі қағидалары еркін нысанда 5 бірінші талап ету бойынша салымды беру шартымен (талап етілгенге дейінгі салым) тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген 20000 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде банктік салым ашуға Қазақстан Республикасының аумағындағы екінші деңгейдегі банкпен жасасқан шарт Тотализатор үшін 1 осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген санитариялық-эпидемиологиялық және өртке қарсы нормаларға сәйкес келетін меншік құқығындағы немесе өзге заң негізінде ойын бизнесі саласында қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін ғимараттың (ғимарат, құрылым, құрылыс бөлігінің) болуы туралы мәліметтер «Жылжымайтын мүлік тіркелімі» мемлекеттік дерекқоры ақпараттық жүйесінен алынатын мәліметтер (жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтамалар түріндегі). 2 осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес меншік ойын жабдықтарының болуы туралы мәліметтер 3 осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес нысандағы күзет қызметін жүзеге асыруға лицензия алған тұлғалармен шарттың (шарттардың) болуы туралы мәліметтер мәліметтер «Е-лицензиялау» ақпараттық жүйесінен алынады 4 ойын мекемесінің жұмыс істеуінің, ставкаларды қабылдаудың және өткізілетін бәс тігудің мемлекеттік және орыс тілдеріндегі қағидалары еркін нысанда 5 бірінші талап ету бойынша салымды беру шартымен (талап етілгенге дейінгі салым) тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген 5000 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде банктік салым ашуға Қазақстан Республикасының аумағындағы екінші деңгейдегі банкпен жасасқан шарт Казино үшін 1 осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген санитариялық-эпидемиологиялық және өртке қарсы нормаларға сәйкес келетін меншік құқығындағы немесе өзге заң негізінде ойын бизнесі саласында қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін ғимараттың (ғимарат, құрылым, құрылыс бөлігінің) болуы туралы мәліметтер «Жылжымайтын мүлік тіркелімі» мемлекеттік дерекқоры ақпараттық жүйесінен алынатын мәліметтер (жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтамалар түріндегі). 2 осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес меншік ойын жабдықтарының болуы туралы мәліметтер 3 қолданылатын заңдастырылған белгілердің мемлекеттік және орыс тілдеріндегі үлгілері мен номинациялары 4 осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес нысандағы күзет қызметін жүзеге асыруға лицензия алған тұлғалармен шарттың (шарттардың) болуы туралы мәліметтер мәліметтер «Е-лицензиялау» ақпараттық жүйесінен алынады 5 ойын мекемесі жұмысының, ставкаларды қабылдаудың және өткізілетін құмар ойындарының мемлекеттік және орыс тілдеріндегі қағидалары еркін нысанда 6 бірінші талап ету бойынша салымды беру шартымен (талап етілгенге дейінгі салым), тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 25000 мөлшерінде салым ашуға Қазақстан Республикасының аумағындағы екінші деңгейлі банкпен жасасқан шарт Ойын автоматтары залы үшін 1 осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген санитариялық-эпидемиологиялық және өртке қарсы нормаларға сәйкес келетін меншік құқығындағы немесе өзге заң негізінде ойын бизнесі саласында қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін ғимараттың (ғимарат, құрылым, құрылыс бөлігінің) болуы туралы мәліметтер «Жылжымайтын мүлік тіркелімі» мемлекеттік дерекқоры ақпараттық жүйесінен алынатын мәліметтер (жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтамалар түріндегі). 2 осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес меншік ойын жабдықтарының болуы туралы мәліметтер 3 қолданылатын заңдастырылған белгілердің мемлекеттік және орыс тілдеріндегі үлгілері мен номинациялары 4 осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес нысандағы күзет қызметін жүзеге асыруға лицензия алған тұлғалармен шарттың (шарттардың) болуы туралы мәліметтер мәліметтер «Е-лицензиялау» ақпараттық жүйесінен алынады 5 ойын мекемесі жұмысының, ставкаларды қабылдаудың және өткізілетін құмар ойындарының мемлекеттік және орыс тілдеріндегі қағидалары еркін нысанда 6 бірінші талап ету бойынша салымды беру шартымен (талап етілгенге дейінгі салым) тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген 25000 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде салым ашуға Қазақстан Республикасының аумағындағы екінші деңгейдегі банкпен жасасқан шарт Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы № 30 наурыздағы №115 бұйрығына 2-қосымша Нысан Ойын бизнесі саласындағы қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген санитариялық-эпидемиологиялық және өртке қарсы нормаларға сәйкес келетін меншік құқығындағы немесе өзге де заңды негіздегі ғимараттың (ғимарат, құрылым, құрылыстың бөлігі) болуы туралы мәліметтер № Жылжымайтын мүліктің кадастрлық нөмірі Тұрғын үй емес қоры ғимаратының мекенжайы* Жылжымайтын мүлікке құқық беретін құжаттың атауы, күні, нөмірі Кассалар туралы мәліметтер*** (саны, мекенжайы, орналасқан орны, электронды кассаның мекенжайы (болған жағдайда) 1 2 3 4 5 Ескертпе: * «Ойын бизнесі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабына сәйкес ойын мекемелері, тотализатордың немесе букмекер кеңсесінің кассалары тұрғын үй қорына жатпайтын ғимараттарда ғана орналастырылуы тиіс. Оларды өнеркәсіп кәсіпорындары мен олардың кешендерінің ғимараттарында және басқа да өндірістік, коммуналдық объектілерде және қойма объектілерінде, ғибадат ету ғимараттарында (құрылыстарында), мемлекеттік органдар мен мекемелердің, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет ұйымдарының, әуежайлардың, вокзалдардың ғимараттарында, қалалық және қала маңындағы қатынастағы қоғамдық көліктің барлық түрлерінің станциялары мен аялдамаларында орналастыруға тыйым салынады. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы № 30 наурыздағы №115 бұйрығына 3-қосымша Нысан Меншік құқығындағы ойын жабдықтарының болуы туралы мәліметтер № Ойын жабдығының атауы Ойын жабдығының түрі Сатып алынған жабдық шартының нөмірі мен күні Жабдықты қабылдау-тапсыру актісінің нөмірі мен күні Мақсаты (букмекерлік кеңсеге немесе тотализаторға немесе казиноға немесе ойын автоматтары залдарына арналған)* Саны Сериялық нөмірі Шығарушы ел мен зауыт Техникалық жай-күйі (жаңа, бұрын пайдаланылған) Сәйкестік сертификатының нөмірі және мерзімі, берген ұйымы Жабдықтарды тестілеу күні Бақылау-кассалық аппараттың (фискализатор) нөмірі Белгіленген ұтыс коэффиценті** (ойын автоматтыры үшін) 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 Ескертпе: * «Ойын бизнесі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабы 3-тармақшасына сәйкес букмекер кеңсесi - ойын бизнесін ұйымдастырушы мен қатысушылар арасында ерікті түрде бәс тігу жасалатын ойын мекемесі; «Ойын бизнесі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабы 18-тармақшасына сәйкес тотализатор - ойын бизнесін ұйымдастырушының делдалдығы арқылы қатысушылардың арасында бәс тігу жасалатын ойын мекемесі; «Ойын бизнесі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабы 5-тармақшасына сәйкес казино - құмар ойындарды ұйымдастыру және өткізу үшін ойын үстелдері пайдаланылатын ойын мекемесі; «Ойын бизнесі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабы 10-тармақшасына сәйкес ойын автоматтары залы - құмар ойындарды ұйымдастыру мен өткізу үшін ойын автоматтары ғана пайдаланылатын ойын мекемесі. ** «Ойын бизнесі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 6-тармағына сәйкес ойын автоматына технологиялық түрде салынған ұтыс пайызы тоқсан пайыздан төмен болмауы тиіс. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы № 30 наурыздағы №115 бұйрығына 4-қосымша Нысан Күзет қызметін жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен лицензия алған тұлғалармен шарттардың болуы туралы мәліметтер № Күзет қызметтерін көрсетуге арналған шарттың нөмірі және күні Күзет қызметтерін көрсетуге шарт жасасқан заңды тұлғаның атауы Күзет қызметтерін көрсететін тұлғалардың бизнес-сәйкестендіру нөмірі Лицензияны берген орган Күзет қызметін жүзеге асыру үшін лицензияның нөмірі және күні 1 2 3 4 5 6 Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 29 сәуірде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №10876 болып енгізілді.